“Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ- де 26-27.11.2025 күні 3–11 сынып оқушыларынан Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) тақырыбы бойынша диктант алынды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ЖРВИ туралы базалық түсінікт
“Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ- де 26-27.11.2025 күні 3–11 сынып оқушыларынан Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) тақырыбы бойынша диктант алынды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ЖРВИ туралы базалық түсініктерін кеңейту, алдын алу шараларын білуін тексеру және санитарлық мәдениетін арттыру болды.
Диктант барысында оқушылар аурудың белгілері, оның таралу жолдары, жеке бас гигиенасын сақтау, иммунитетті нығайту, аурудың алдын алу тәсілдері туралы мәліметтерді жазу арқылы білімдерін бекітті. Бұл жұмыс оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, жұқпалы аурулардың алдын алу туралы түсініктерін тереңдетуге ықпал етті. Іс-шараға барлық қатысуы тиіс сыныптар толық қамтылды.