Размер шрифта:
Бүгін 27.11.25 күні мектебімізде «Қазақ тілі сабағында инклюзия: қолжетімділік пен қолдау» тақырыбында воркшоп өттті. Инклюзивті білім беру – ерекше білім беруге қажеттілігі бар (ЕББҚ) балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу, оқыту ортасын қолжетімді
27-11-2025 16:25

Бүгін 27.11.25 күні мектебімізде «Қазақ тілі сабағында инклюзия: қолжетімділік пен қолдау» тақырыбында воркшоп өттті. Инклюзивті білім беру – ерекше білім беруге қажеттілігі бар (ЕББҚ) балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу, оқыту ортасын қолжетімді етіп ұйымдастыру және қажетті педагогикалық қолдау көрсету. ЕББҚ оқушының эмоционалдық және психологиялық, физиологиялық даму ерекшелігі әртүрлі. Осыған байланысты оқу мақсатын, міндетін дұрыс айқындай білу керек. Оқытудың әдіс-тәсілдерін және оларды оқушылардың қабілетіне , қызығушылығына ,біліміне байланысты бейімдеу қажет. «Жоғалған сөз»ойыны, «Сөздер сөз тіркестерін сәйкестендір» тапсырмалары балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруға , “Төлін тап “ ойыны баланың есту қабілетін дамытады.