«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 27.11.25ж күні бастауыш сынып мұғалімі Моншакбаева Асем Косыбаевна «Қызығушылық – білім бастауы» тақырыбында воркшоп-шебер сынып өткізді. Мақсаты: Оқушылардың оқу әрекетіне қызығушылығын артты
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 27.11.25ж күні бастауыш сынып мұғалімі Моншакбаева Асем Косыбаевна «Қызығушылық – білім бастауы» тақырыбында воркшоп-шебер сынып өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру, түрлі ойын, топтық жұмыс және көрнекілік арқылы білім алуға ынтасын ояту, өз ойын еркін жеткізе білуге, белсенділік танытуға үйрету.
Балалардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру және оқу материалын ойын элементтері арқылы меңгерту.
Түрлі әдіс-тәсілдерді (топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын, жұптық) пайдалана отырып, оқушылардың белсенді қатысуына жағдай жасау.
Қызықсаң – үйренесің,
Үйренсең – өсесің,
Өссең – жетістікке жетесің!
«Қызығушылық – білім бастауы» тақырыбы бойынша осы тапсырмаларды қолдануға болатыны атап өтті.
«Шахмат» әдісі ойыны
Тап та айт
Хоккей
Сәйкестендіру
Шапшаңдыққа арналған ойын
Копилка ойыны
Суретті қарап мақалды тап
Қызыққан адам ғана көп біледі және жетістікке жетеді.