Мектебімізде инклюзивті білім беру бағытында екі мазмұнды воркшоп өткізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Оспанова А.С. мен Бигельдина З.С. «Инклюзивті оқу кезеңінде ағылшын тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында тәжірибелік сабақ
Мектебімізде инклюзивті білім беру бағытында екі мазмұнды воркшоп өткізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Оспанова А.С. мен Бигельдина З.С. «Инклюзивті оқу кезеңінде ағылшын тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында тәжірибелік сабақ көрсетіп, саралап оқыту, визуалды қолдау, TPR, phonics, деңгейлік тапсырмалар сияқты тиімді әдістерді таныстырды. Сонымен қатар LearningApps, Quizlet, Kahoot сияқты оқыту платформаларын қолдану жолдарын көрсетті.
Математика пәні мұғалімі Жақсыбаева А.Б. «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға математика сабағында ойын технологияларын қолдану» тақырыбында танымдық воркшоп өткізіп, математикалық пазлдар, домино, логикалық ойындар, түсті блоктар әдісі арқылы ЕББҚ оқушыларына қолайлы оқыту тәсілдерін ұсынды. GeoGebra, Bilimland, Desmos, Qazmath, Math Playground сияқты платформалардың мүмкіндіктері таныстырылды.
Жалпы, екі воркшоп та мұғалімдердің инклюзивті ортада тиімді жұмыс жасауына арналған нақты әдістерді ұсынды. Шаралар инклюзивті білім берудің сапасын арттыруға, ерекше қажеттілігі бар оқушылардың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге және әр баланың қабілетіне сай қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды кәсіби тәжірибе алаңы болды.
@karlygash_dsh @umckrg @balqash_qbb