Размер шрифта:
18 қараша күні 8-сынып оқушылары арасында достықтың құндылықтары мен маңызын түсіндіру, тиімді қарым-қатынас дағдыларын (тыңдау, түсіну) дамыту және топ ішіндегі ынтымақтастықты күшейту мақсатында «Қарым-қатынас және достық» атты психологиялық тренинг жат
18-11-2025 09:16

18 қараша күні 8-сынып оқушылары арасында достықтың құндылықтары мен маңызын түсіндіру, тиімді қарым-қатынас дағдыларын (тыңдау, түсіну) дамыту және топ ішіндегі ынтымақтастықты күшейту мақсатында «Қарым-қатынас және достық» атты психологиялық тренинг жаттығуы жүргізілді. Тренинг барысында қатысушылар достықтың негізгі құндылықтарын – сенім, сыйластық, қолдау, шынайылық, эмпатия сияқты қасиеттерін тереңірек түсінді. Топтық және шығармашылық жаттығулар арқылы қатысушылар өз ойындағы нағыз достың бейнесін қалыптастырып, достық байланыстардың адам өміріндегі маңызын айтты. Тренинг жаттығуы соңында жүргізілген рефлексия қатысушыларға бүгінгі жұмыс нәтижесін сезінуге және достық туралы жеке көзқарастарын бекітуге мүмкіндік берді.