Мектебімізде 20 қараша күні “Ата-аналарды қолдау орталығы” жұмыс жоспарының негізінде отбасындағы эмоционалды климатты жақсарту, эмоцияларды дұрыс тану және қалай басқару жолдарын қалыптастыру мақсатында “Эмоциялар және оларды білдіру жолдары” тақырыбында
Мектебімізде 20 қараша күні “Ата-аналарды қолдау орталығы” жұмыс жоспарының негізінде отбасындағы эмоционалды климатты жақсарту, эмоцияларды дұрыс тану және қалай басқару жолдарын қалыптастыру мақсатында “Эмоциялар және оларды білдіру жолдары” тақырыбында тренинг жаттығуы жүргізілді. «Эмоцияны таны(белсенді жаттығу), «Менің эмоциям – менің таңдауым» (өзін-өзі реттеу) және «Сиқырлы сөздер» жаттығуында өз
эмоцияларын сурет арқылы көрсетіп, жұптаса бір-бірін тыңдай отырып,эмоцияны басқару жолдарын ұсынды.
Ата-аналар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасады. Тренинг ата-аналардың педагогикалық мәдениетін нығайтып, отбасы ішіндегі сыйластық пен түсіністікті арттыруға ықпал етеді. Тренинг соңында ата-аналар бір-біріне жылы сөз айтып, тілек білдірді.