Мектебімізде «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында кітап оқуды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты күшейту, кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу, отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу мақсаты
24-11-2025 09:11
Мектебімізде «Кітап оқитын ұлт » жобасы аясында кітап оқуды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты күшейту, кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу, отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу мақсатында «Отбасымызбен бірге оқимыз» атты отбасылық сайысы өтті.
Сайысқа 5-7 сынып аралығындағы оқушылар мен отбасы мүшелері қатысты.
Сайыс шарты бойынша қатысушылар 1-кезеңде өздерінің оқыған кітаптарын бейне ролик арқылы жарнамаласа, 2-кезеңде осы шығармалар желісі бойынша шағын қойылым қойды.
Іс-шара соңында әділқазылар алқасы сайыс ережелерін ескере отыра қатысушыларды марапаттап өтті.
Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі 1-орынды Әбілғазиевтар жеңіп алса, 2-орынмен Мейрамовтар мен Балтабаевтар марапатталды. 3-орын Рамазановтар мен Тоқтамысовтарға берілді.
Осы сайысқа қатысқан оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін аша отырып,кітап оқуға деген қызығушылықтарын танытты.
@balqash_qbb @karlygash_dsh @umckrg