Мектебімізде 21 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.К.Жұмабаева мен З.Н.Абдуалиеваның жетекшілігімен ұлт зиялысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Қаламы
Мектебімізде 21 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.К.Жұмабаева мен З.Н.Абдуалиеваның жетекшілігімен ұлт зиялысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Қаламынан тамған жыр ” атты театрланған поэзия байқауы өтті. Мақсаты: Міржақып Дулатұлының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, Алаш идеясының мәнін жас ұрпаққа жеткізу және ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаның өмір жолын театрлық тілмен жаңаша түсіндіру. Қойылымда ақынның азаматтық болмысы, Алаш қозғалысындағы рөлі, ұлт азаттығы жолындағы күресі және шығармашылық әлемі көркем сахналық шешімдер арқылы бейнеленді. Драмалық эпизодтар, деректі желілер, музыкалық көркемдеу тәсілдері Міржақып тұлғасының сан қырлы бейнесін аша түсті. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары белсене ат салысты.
Бұл театрланған іс-шара XX ғасыр басындағы тарихи оқиғаларға жетелеп, ел тәуелсіздігі жолында күрескен ұлт қайраткерлерінің биік рухын сезінуге мүмкіндік береді.
@karlygash_dsh @umckrg @balqash_qbb