12.11.2025 күні 3 В сыныбында «Жас финансистер тақырыбында қызықты ойындар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны үнемдеп жұмсауға, жоспарлауға және дұрыс шешім қабылдауға үйрету. Ойын барысында оқушылар түрлі та
13-11-2025 12:52

12.11.2025 күні 3 В сыныбында «Жас финансистер тақырыбында қызықты ойындар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны үнемдеп жұмсауға, жоспарлауға және дұрыс шешім қабылдауға үйрету. Ойын барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, командамен жұмыс істеп, өз білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. «Бюджет құру», «Дұрыс таңдау», «Тиімді сатып алу» секілді қызықты ойын кезеңдері оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл ойындар оқушылардың экономикалық ойлау қабілетін дамытып, қаржы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.