2025 жылдың 28 қазан күні математика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста І тоқсан қорытындысы бойынша оқу үлгерімі мен сапасы, БЖБ және ТЖБ жұмыстарының нәтижелері қарастырылып, қалыптастырушы бағала
28-10-2025 06:41

2025 жылдың 28 қазан күні математика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста І тоқсан қорытындысы бойынша оқу үлгерімі мен сапасы, БЖБ және ТЖБ жұмыстарының нәтижелері қарастырылып, қалыптастырушы бағалау қорытындылары сарапталды. Мұғалімдер оқу жетістіктерін талдап, үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, әдістемелік тәжірибе алмасу барысында инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды тиімді қолдану жолдары талқыланды. Алдағы ІІ тоқсанда оқу сапасын арттыру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында пән апталығы, олимпиадалар және сабақтан тыс іс-шаралар өткізу жоспарланды.