Размер шрифта:
Құрметті жерлестер, ардақты ұстаздар мен шәкірттер! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздің егемендігін, халықтың бірлігі мен болашаққа деген сенімін айшықтайтын айрықша мереке. Ұстаз ретінде мен үшін Тәуелсіз Қазақстанн
22-10-2025 17:32
Құрметті жерлестер, ардақты ұстаздар мен шәкірттер!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміздің егемендігін, халықтың бірлігі мен болашаққа деген сенімін айшықтайтын айрықша мереке.
Ұстаз ретінде мен үшін Тәуелсіз Қазақстанның ең үлкен жетістігі – білімді, отаншыл ұрпақтың қалыптасуы. Еліміздің болашағы – сол жастардың қолында. Сол себепті әрбір азамат, әрбір ұстаз ел игілігі үшін еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеуге бар күшін салуы тиіс.
“Қыран елім – Қазақстаным” жобасы аясында осындай құндылықтарды насихаттап, елдің дамуына үлес қосу – бәріміздің ортақ парызымыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!
#25 қазан
#Адал азамат