Құрметті отандастар! Сіздерді Республика күнімен – еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамының айғағы, жаңа Қазақстанның бастауы болған маңызды дата. Тәуелсіздік
Құрметті отандастар!
Сіздерді Республика күнімен – еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамының айғағы, жаңа Қазақстанның бастауы болған маңызды дата.
Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміз медицина, ғылым, білім, мәдениет және өзге де салаларда елеулі табыстарға қол жеткізді. Денсаулық сақтау саласының өкілі ретінде мен халықтың денсаулығын нығайту жолында жүргізіліп жатқан реформалар мен ілгерілеуді ерекше атап өткім келеді. Бұл – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен даму бағытының нәтижесі.
“Қыран елім – Қазақстаным” жобасы аясында халқымыздың бірлігі, елге деген сүйіспеншілік, патриоттық рух дәріптеліп келеді. Осындай бастамалар жастарымызды тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратынына сенемін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен береке тілеймін!
Мереке құтты болсын!
#25 қазан
#Адал азамат