“Өзін-өзі басқару” ұйымының бастамасымен 5–8-сынып оқушылары арасында “Алтын күз” мерекелік сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, күз мезгілінің сұлулығын сезіне білуге, табиғатқа деген сүйіспеншіл
“Өзін-өзі басқару” ұйымының бастамасымен 5–8-сынып оқушылары арасында “Алтын күз” мерекелік сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, күз мезгілінің сұлулығын сезіне білуге, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға баулу.
Сайыс барысында қатысушылар күздің көрінісін бейнелейтін көріністер, ән мен би, өлең және қолөнер туындыларын ұсынды. Әр сынып өздерінің ерекше дайындықтарын, сахналық мәдениетін және топтық бірлігін көрсете білді.
@karlygash_dsh @balqash_qbb @umckrg