17 қазан күні Инклюзивті білім беруде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында ата-аналар жиналысы өтті. Дефектолог маман К.А.Тылеубекова «Бала мінез құлқындағы қиындықтарды жеңудің тиімді тәсілдері» тақырыбында түзету -дамыту
21-10-2025 16:32
17 қазан күні Инклюзивті білім беруде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсету мақсатында ата-аналар жиналысы өтті.
Дефектолог маман К.А.Тылеубекова «Бала мінез құлқындағы қиындықтарды жеңудің тиімді тәсілдері» тақырыбында түзету -дамыту сабақтарында ЕБҚ балаларға жүргізілетін жұмыстарымен бөлісті . Ата-аналармен бірге оқушының рөлінде болып көруін ұсынды. Балаға ата-ананың қолдауы әрдайым қажет екенін айтты. Ата-аналарға «Мінез -құлық қиындықтарын жеңуге -7 кеңес»жаднамасын таратып беріп, сөз соңында баланың әр жетістігін мақтап отыруын айтып кетті.
Мектеп психологы З.Н Абдуалиева “Әріптен сөз құрау”,«Майшам жылуы» атты психологиялық тренинг жаттығуын жүргізді.
Мақсаты:
Қатысушылар арасында мейірімділік, жылы қарым-қатынас орнату,эмоциялық жылулық пен сенім атмосферасын қалыптастыру және әр адамның ішкі тыныштығын сезінуіне мүмкіндік беру.
Психологиялық жаттығу барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара қолдау мен мейірім атмосферасы қалыптасты.
Нәтижесінде топта жағымды көңіл-күй орнап, ұжымдық ынтымақтастық нығайды.
@balqash_qbb @umckrg @karlygash_dsh