Мектебімізде жол қауіпсіздігі апталығы аясында «Жол белгілері – сенімді серігің» тақырыбында сурет байқауы өткізілді
Мектебімізде жол қауіпсіздігі апталығы аясында «Жол белгілері – сенімді серігің» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет арқылы жол белгілерінің маңызын түсіндіру, жол қозғалысы ережелерін сақтауға тәрбиелеу және қауіпсіздікке деген жауапкершілікті арттыру.Байқауға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Олар түрлі-түсті бояулармен жол белгілерін бейнелеп, әрқайсысы өз жұмысына қысқаша түсіндірме берді. Суреттерде жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршам, балаларға арналған арнайы белгі, көліктің қозғалыс бағытын көрсететін нұсқаулар сияқты маңызды белгілер кеңінен қамтылды.Оқушылардың шығармашылық жұмыстары жол қозғалысы ережелерін көрнекі түрде меңгеруге ықпал етіп, жол белгілерінің әр адамның өміріндегі рөлі зор екенін көрсетті..«Жол белгілері – сенімді серігің» сурет байқауы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізді.
@umckrg @karlygash_dsh @balqash_qbb
