Еңбек – адам өмірінің мәні мен мазмұнын айқындайтын, ел дамуының негізгі қозғаушы күші. Еңбекке құрмет – ұрпақ тәрбиесінің негізі, қоғамның өркендеу кепіл
22-09-2025 10:07
Еңбек – адам өмірінің мәні мен мазмұнын айқындайтын, ел дамуының негізгі қозғаушы күші. Еңбекке құрмет – ұрпақ тәрбиесінің негізі, қоғамның өркендеу кепілі. Осы орайда,”Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс жоспары бойынша Еңбек күніне арналған іс-шара аясында 8-сынып оқушыларының қатысуымен “Еңбек – елдің дамуының негізі” тақырыбында танымдық стенд дайындалды. Стенд мазмұны арқылы оқушылар еңбекке қатысты мағлұматтармен танысып, өз бетінше білімін кеңейтуге мүмкіндік алды.
Мақсаты:
Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі және қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, еңбекке деген құрмет пен ынтасын арттыру. Еңбек адамдарын үлгі ете отырып, жастарды еңбекқорлыққа, табандылық пен жауапкершілікке баулу. Сонымен қатар, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, өз бетімен ізденуге және бос уақытын мазмұнды өткізуге жағдай жасау.
@umckrg @balqash_qbb @karlygash_dsh