Размер шрифта:
Мектебімізде «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жалпы қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
22-09-2025 10:05
Мектебімізде «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жалпы қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналысқа Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары – акушер-гинеколог Мұрат Жайнаған мен Айдошова Гүлмира арнайы шақырылып, қыз балаларға арналған ағарту бағытындағы танымдық дәріс өткізді. Мамандар жасөспірім қыздар арасында кездесетін түрлі физиологиялық өзгерістер, гигиеналық талаптар, өзін-өзі күту мәдениеті және жасөспірім кезеңдегі денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде кеңінен түсіндіріп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Жиын қыз балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және ұлттық тәрбиенің асыл құндылықтарын бойларына сіңіруге бағытталған мазмұнды іс-шара болды.
@umckrg @karlygash_dsh @balqash_qbb #балқашқаласыбілімбөлімі #umckrg