Балқаш қаласының әкімі – Азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген, 2025 жылға арналған Балқаш қаласы мекемелерінде азаматтық қорғау саласындағы оқу және жаттығулар өткізу туралы жоспарына сәйкес,«Жер сілкінісі (сейсмологиялық) кезінде оқушылардың, тұрақты құрамының іс-әрекеті» тақырыбы бойынша Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де 2025 жыл тамыздың 20 күні сағат 10:10-да жаттығу өткізілді.
Оқу мақсаты :
жалпы – оқу орнында жер сілкінісі (сейсмологиялық) жағдай орын алған кезінде АҚ шараларын орындауға даярлығын тексеру;
басшы, оқытушы құрамдар үшін – оқу орнында жер сілкінісі (сейсмологиялық) жағдай орын алған кезінде АҚ шараларын ұйымдастыру мен өткізуге практикалық дағдыларды қалыптастыру;
оқушылар үшін - оқу орнында жер сілкінісі (сейсмологиялық) жағдай орын алған кезінде сауатты іс-әрекеттер мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Жаттығуға қатысушылар :
- 2 адам басшы құрамы;
- 21 адам оқытушылар құрамы;
- 12 кіші қызметкерлер;
- 4 оқушы;
Өткізілетін жер: Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ.
Жаттығу кезіндегі практикалық іс-әрекеттер:
- жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы хабарландыру сызбасы , ғимараттың эвакуациялық жоспары тексерілді;
- Абайлаңыз!, «Жер сілкінісі (сейсмологиялық) жағдай орын алған кездегі оқытушылар құрамы мен оқушылардың зақымдану аймағынан көшіру» тақырыптарында алдыңғы аптада бейнероликтер көрсетілді;
- Мұғалімдер оқушыларды белгіленген бағыты бойынша мектептен ұйымшылдықпен шығарды және оларды қауіпсіз аймаққа алып барды, сол жерде зақымдалушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.
ҚОРЫТЫНДЫ:Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-і төтенше жағдайлар кезіндегі әрекетке ДАЙЫН.
