Ақпаның 27 күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы” іске асыруда “Әкелер мектебі” жоба аясында “Әкенің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен!” атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту; ұлттық салт-дәстүрімізге байл
29-05-2025 09:21

Ақпаның 27 күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы” іске асыруда “Әкелер мектебі” жоба аясында “Әкенің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен!” атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту; ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше екендігін ұғындыру; Әкеге деген бала махаббатын ояту. Сонымен қатар бүгінгі дөңгелек үстел жанға жылу сыйлаған ерекше кездесу,ерекше сыр болды. Қатысушылар өз өмірлерінен әсерлі оқиғалар айтып, жан тебірентерлік ойларымен бөлісті. Жан дүниемізді өксік басып, терең ойға жетеледі. Әсіресе, әкенің баласына берген тәрбиесінің өмір бойы сақталатыны туралы пікірлер ерекше әсер қалдырды. Бұл кездесуден кейін біреуімізге әкеге деген сағыныш, біреуімізге құрметті одан әрі арттырды деп ойлаймын.