Размер шрифта:
5-7 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс
14-04-2025 11:08

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2025 жылды «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жариялады. Осыған орай мектебімізде 14 сәуір күні Балқаш ПБ учаскелік полиция инспекторы кәмелетке толмаған балалар істер жөніндегі полиция капитаны Қоразбаев Н.А., Кырбасов А.Н. қатысуымен 5-7 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс жүргізілді.

Бұл шара мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және заң бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу.