Размер шрифта:
Балқаш қалалық полиция бөлімінің ардагерлер төрағасы полиция майоры Махметов Төлеузада Махметовичтің қатысуымен ерлік сабағы
15-04-2025 11:03

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, 2025 жыл сәуірдің 15 күні «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де Балқаш қалалық полиция бөлімінің ардагерлер төрағасы полиция майоры Махметов Төлеузада Махметовичтің қатысуымен ерлік сабағы болып өтті. Шараға мектебіміздің «Жас Сақшы» және «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары қатысты. Кездесу барысында Төлеузада Махметович балалармен өзінің құнды тәжірибелерімен бөлісіп, полициядағы жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі туралы айтып, сондай-ақ осы салада жоғары моральдық және кәсіби қасиеттерге ие болу қажетін жеткізді. Жас буынға ұлттық тәрбие мен қайырымдылық істердің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы туралы айтылды. Қазіргі жас сақшылардың – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатын болашақ өз ісінің мамандары екеніне сенім білдірді. Оқушылар үшін бұл кездесу нағыз мотивация болды. Олар полиция қызметі туралы қызықтырған сұрақтарын қойып, тәртіп пен заңдылықты қорғауға құнды кеңестер алды.