2-7 сынып оқушылар арасында дәріс
«Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында мектебімізде 10 сәуір күні Балқаш қаласының ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен 2-7 сынып оқушылар арасында дәріс өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаттары:
• Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
• Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; 
• Қоғамның балалар қауіпсіздігіне тұрақты назарын аудару; 
• Жол қауіпсіздігі, жолда жүру ережерлерін сақтау.