Мектебімізде ағылшын тілі апталығы аясында, бүгін, яғни 23 сәуір күні «Менің саяхатым» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға саяхаттаудың маңыздылығын түсіндіру, шетел және туған ел ішіндегі саяхат түрлерімен таныстыру болды. Оқушылар
Мектебімізде ағылшын тілі апталығы аясында, бүгін, яғни 23 сәуір күні «Менің саяхатым» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға саяхаттаудың маңыздылығын түсіндіру, шетел және туған ел ішіндегі саяхат түрлерімен таныстыру болды.
Оқушылар әртүрлі елдер, қалалар мен табиғат кереметтері туралы өз ойларымен бөлісті. Презентация көріністері арқылы балалар өз армандарындағы саяхат бағытын жоспарлап, оны ағылшын тілінде таныстырды. Іш-шара барысында оқушылардың сөйлеу дағдылары дамып, қызығушылықтары артты.
Бұл іс-шара оқушылардың әлемді тануға деген қызығушылығын арттырды және олардың білім көкжиегін кеңейтті.