Размер шрифта:
“Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебінде” “Жеңге мінезімен көркем” атты жеңгелермен дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір - біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала,
19-05-2025 10:54
“Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебінде” 
“Жеңге мінезімен көркем” атты жеңгелермен дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір - біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт - дәстүрді құрметтей білуге үйрету. 
Дөңгелек үстелде жеңгелер салт-дәстүрге, бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз кеңестерімен бөлісті. Шараның соңында жеңгелер қолынан келетін өнерлерін көрсетіп, тәжірбиелерін айтты.