Размер шрифта:
«Жасыл экономика және экология» тақырыбында дебат
15-05-2025 13:05
«Жасыл экономика және экология» тақырыбында дебат
 
«Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталықтықтың аясында «Жасыл экономика және экология» тақырыбында  8-10 сынып оқушылар арасында дебат өтті.
 
Жасыл экономика — бұл экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және әлеуметтік әділеттілікті қолдау мақсатында экономикалық даму моделін білдіреді. Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті, себебі климаттың өзгеруі, экологиялық проблемалар мен ресурстардың тапшылығы әлемнің көптеген елдерінде маңызды мәселелерге айналып отыр.
 
Дебаттың мақсаты — оқушылардың жасыл экономика мен экологияның маңыздылығын түсінуі, өз пікірлерін білдіруі және аргументтерді қорғауы. Оқушыларға экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылау, сондай-ақ жасыл экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру ұсынылды.