2025 жылғы 2 мамыр “Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы” КМҚК «Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойына» арналған «Бауыржан CUP» мектеп оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
2025 жылғы 2 мамыр “Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы” КМҚК «Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойына» арналған «Бауыржан CUP» мектеп оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шара Қарағанды облысы білім басқармасының “Балқаш қаласының білім бөлімі” ММ қолдауымен, “Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ жанындағы «Өркен» дебат клубының ұйымдастыруымен және «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының» атсалысуымен өтті.
Турнирге «AMANAT» партиясының Балқаш қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жүкенова Еңлік Махуатқызы демеушілік жасады.
Жалпы саны 20 команда қатысып, оқушылар Американдық парламенттік(АПФ) форматтарында сынға түсті.
Турнир 3 іріктеу кезеңі, жартылай финал және финал раундтарынан тұрды.
ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДАР БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР:
1 орын – Абай атындағы №2 мектеп-лицейі, «Сана» тобы
2 орын – С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, «Сәкен жастары» тобы
3 орын – №5 жалпы білім беретін мектебі, «Мағжан жастары» тобы
3орын - – С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, «Сәкен мұрагерлері 2» тобы
Арнайы номинациялар:
Ең үздік спикер – №5 мектеп оқушысы Тоқшыманов Алан
Үздік спикер – С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы оқушысы Қуаныш Нұрайлым
Үздік төреші – №1 мектеп мұғалімі Рзаханов Нұрислам Айғалыұлы.
Жеңімпаздар кубокпен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!
