2025 жылдың 21 қаңтар күні 4-сыныптар арасында «Тапқыр болсаң, озып көр» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: 4-сынып аралық білім сайысы арқылы оқушылардың білімін шыңдай түсу, логикалық шапшаң ойлау дағдысын арттыру, дарынды, білімді оқушыны анықтай білу, жеңімпаздыққа, озат болуға тәрбиелеу.
Сайысқа әр 4-ші сыныптардан 3 оқушыдан топ болып қатысты. Бірінші топ 4 А сыныбы «Білімділер» тобы, екінші топ 4Ә сыныбы «Тапқырлар» тобы, үшінші 4Б сыныбы «Алғырлар» тобы болып құралды.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1. Ширату сұрақтары (Сұрақтарға 30 секундта жауап беру)
2. «Кім жылдам» (ұлттық құндылыққа тапсырма)
«Теңге алу» (Теңге таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
4. Ханталапай. (Күрделі есептер шығару)
Сайыс барысында көрермендер топтарды белсене қолдап, қатысып отырды. Топтар сұрақтарға шапшаң жауап беріп, белсенділіктерін танытты. Әр топтан белсене қатысқан 3 оқушыны шығарып, оларға қосымша логикалық сұрақтар қойылды. Әділ қазылар алқасы шешімдерін шығарғанша, көрермен оқушылармен көңілді ребустар шешілді.
Сайыстың қорытындысы бойынша, 42 ұпаймен «Тапқырлар» тобы 3орынға ие болды. 46 ұпаймен «Алғырлар» тобы 2-орынды иеленсе, 50 ұпаймен «Білімділер» тобы 1-орынмен алға шықты. Оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Динара Камалбековна
