Размер шрифта:
Мектебімізде 17.01.25 күні «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында инспектормен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.
17-01-2025 21:29

Мектебімізде  17.01.25 күні   «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында инспектормен бірлескен  дөңгелек үстел өткізілді.Кездесуге полиция бөлімінің  аға лейтенанты Накен Елжан Рысбекұлы, мемлекеттік  сот орындаушылар бөлімінің басшысы Шаймерденова Куралай Курмашевна және ата-аналар мен жас сақшы сынып оқушылары қатысты. 
Кездесудің мақсаты:оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен , түрлерімен таныстыру. «Сұрақ бізден, жауап сізден»айдарында инспектор бірнеше сұрақтарға жауап беріп, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы толықтай ақпараттар берді. Оқушылар бейнеролик көріп, жағдаяттық тапсырмалар орындап,өзіндік көзқарастарын білдірді. Кездесу соңында ата-аналар өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісті.