«Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында дәріс
2024 жылдың 12 желтоқсан күні мектеп инпекторы Н.А.Коразбаев және аға лейтенант Е.Р.Накен 10-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Мектеп инспекторы оқушыларға кешкі уақытта далада жүрмеуіне байланысты қатаң түрде ескерулер жасады. Сондай-ақ мектептін ережелерін сақтап, сабақтан себепсіз қалмауларын ескертті.