Ата-аналарды қолдау бойынша ата-аналармен жүргізілген « Өмір бойы оқыту... Қайда? Қашан? » семинар - тренинг ақпары Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен семинар тренинг болып өтті.
29-11-2024 15:45

Ата-аналарды қолдау бойынша ата-аналармен жүргізілген
 « Өмір бойы оқыту... Қайда? Қашан? » семинар - тренинг ақпары
    Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде  
10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен семинар тренинг болып өтті. Қазақстандықтар үшін өмір бойы оқыту тұжырымдамасы – өзекті және маңызды. 
– Соңғы онжылдықтарда өзекті трендке айналған ұғымның қоғамда расында маңыздылығы артып келеді. Бұл адамның кәсіби дағдылары мен білімінің үнемі жаңаруы ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіруі мен жеке өсуінің үздіксіз процестері. Яғни, өмір бойы жаңа дағдыларды игеруге саналы түрде ұмтылу деген сөз. Ал бұл өз кезегінде  білім алушының қабілеттерін дамытуға, танысу шеңберін кеңейтуге, әлем туралы мүмкіндіктер мен идеялар, психологиялық денсаулықты жақсарту арқылы адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.