«Педагогикалық ізденіс-кәсіби өсу кепілі» атты семинар өтті
25-11-2024 10:57

Мектебімізде  «Зерде» жобасы аясында «Ізденіс»шығармашылық тобының  «Педагогикалық ізденіс-кәсіби өсу кепілі» атты семинар  өтті. Семинардың мақсаты: мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби дамуы саласындағы практикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибелерімен алмасу. Семинарға орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажигулова Г.Т "Авторлық бағдарламаны жазудың тиімді жолдары", бастауыш пәні мұғалімі Рысқұл Ә.Қ " Авторлық бағдарлама  жазудың оңтайлы жолдары" тақырыбында ұстаздарға авторлық бағдарламаны жазудың талаптары мен ережелерімен таныстырып ой бөлісті. Қазақ тіліі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Жумабаева М.К  "Қазақ тілі  пәнінен грамматикалық талдау бойынша әдістемелік құрал  тақырыбында өзінің жұмысын  ұсынды. Семинар соңындағы кері байланыста мұғалімдер өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Қатысушылар алған білімдерін болашақта авторлық бағдарлама жасауда қолдана алады