"Мен және менің құқықтарым. Буллингке қарсы тұру"
20-11-2024 18:59

20.11.2024 жылы "Балқаш қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі" филиалынын аға COT орындаушысы Қ.Қ.Шаймерденованың ұйымдастырумен Балқаш қаласының «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін» КММ-нің 4 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылығын арттыру шеңберінде «Мен және менің құқықтарым. Буллингке қарсы тұру» тақырыбында мектептің әлеуметтік ұстазы А. Берикказиеваның қатысуымен сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты- оқушылар арасында құқық бұзушылықтың және буллингтің алдын алуға баулу және құқықтық сауаттылықты арттыру.