ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР ЕРЕСЕК ТОП (4 ЖАС), МЕКТЕПАЛДЫ ТОП, МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП (5 ЖАС) БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ОРТА, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН «ЖЕКЕ
08-10-2024 16:47

КІРІСПЕ

ҚазақстанРеспубликасыныңбілімберуұйымдарында 2024-2025 оқу жылынан бастап жеке қауіпсіздік сабақтарыенгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз етудің 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарыбекітілді,олбалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтиды.

Осы жоспар аясында 130 жеке қауіпсіздік сабағы (бұдан әрі – Сабақтар) әзірленді:

мектепкедейінгі ұйымдарүшін20ұйымдастырылған іс-әрекеттер;

ортабілімберужәнеТжКБұйымдары үшін 110сабақ.  

Сабақтардыңмақсаты – оқушылар мен тәрбиеленушілерде әртүрлі жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру, ықтимал қауіптерді тану және оларға дұрыс жауап беру қабілетін дамыту.

Сабақтардыңміндеттері:

-        жекеқауіпсіздіктіқорғаушараларытуралыхабардарлықтыарттыру;

-        оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру;

-        өзін-өзіқорғаудағдыларындамыту;

-        жауаптымінез-құлыққалыптастыру;

-        психологиялықдайындық;

-        әлеуметтікқұзыреттілік;

-        ақпараттыққауіпсіздік.

Сабақтардыңмақсаттытоптары:

-        мектепкедейінгіұйымдарыныңтәрбиеленушілері;

-        ортабілім беру ұйымдарыныңбілімалушылары;

-        ТжКБұйымдарыныңбілімалушылары.

Мектепке дейінгі ұйымның және мектепалды сыныбының тәрбиешілері ойын түрінде жеке қауіпсіздік бойынша теориялық түсініктер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін тақырыпқа және қойылған міндетке байланысты жас тобының күн тәртібіне сәйкес балалармен күн бойы шараларды жүзеге асырады.

Сабақтарды апта сайын сынып сағаттарында 10 минуттан өткізу жоспарлануда.

Педагогтер, сыныпжетекшілер үшінтақырыптар110сабаққабөлінген. 20 тақырыптыңішінде бір жас санатынан екіншісінеауысатын тақырыптар бар.

Сабақтар балаларға интернетте өздерін қорғауға ғана емес, сонымен қатар оларды өмірде қауіп-қатерлерден аулақ болуға үйретеді.

Сабақтар балада өз мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастырады, эмоционалды жағдайын тұрақтандырады және қауіп төнген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.

Оқытунәтижесіндебалалардыңмынадайдағдыларықалыптасады:

1) көшеде,аулада, білім беру ұйымының аумағында (мектепке дейінгі ұйым, мектеп), қоршаған ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау;

2) қауіпті жағдайда жылдам әрекет ету үшін экстремалды ойлау;

3) өзінің эмоциялары мен мінез-құлқын бақылау;

4) өз мінез-құлқының және басқаларға әсер ету тәсілдерінің, жауапкершілік танытудың алгоритмдерін құру;

5) өзінің эмоционалды жағдайын тұрақтандыру және барабар әрекеттер үшін қауіп деңгейін қабылдау өткірлігін төмендету бойынша өз рөлі мен функцияларын түсіну;

6) жедел эвакуация немесе басқа қауіпті жағдайларда күтпеген жерден шешім қабылдау;

7) арнайы қызметтермен өзара әрекеттесу кезінде өзінің функцияларын түсіну.

Оқытунәтижесіндебалалардыңмынадайқұзыреттері  қалыптасады:

1) қауіпсізжәнеқауіптіжағдайлартуралыхабардарболу;

2) даулыжағдайларменкеліссөздерді шешу;

3) агрессия мен зорлық-зомбылықтан қорғау;

4) әлеуметтікбейімделужәнежаңажағдайларғабейімделу;

5)    өзқорқыныштарыменфобияларынбағалаужәнееңсеру;

6)    өзқабілеттеріменмүмкіндіктерінесенімділіктіарттыру;

7)    қауіпсіздіксезіміжәнеөзінесенімділік;

8)    жағдаяттыталдаужәнедағдарысжағдайларындашешімқабылдау;

9)    өзәрекеттеріменденсаулығыүшінжауапкершіліктіарттыру;

10) сынитұрғыданойлаужәнежағдайды бағалауқабілеті;

11) басқаадамдарменқарым-қатынасжәнеөзараіс-қимылжасайбілу;

12) қажетболғанжағдайдакөмексұраудыңмаңыздылығынтүсіну;

13) әртүрліжағдайдаөз-өзінежәнеөзаракөмеккөрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЖЕКЕҚАУІПСІЗДІК»ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР

(4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР)

 

«Жеделқызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері»

«Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?»

«Топтағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»

«Өзің туралы негізгі ақпаратты есте сақтаймыз»

«Абайлаңыз,терезе!»

«Үйдегіқауіпсіз мінез-құлық қағидалары»

«Есік қағылған жағдайда қалай дұрыс жауап беру керек?»

«Көшедегі бейтаныс адамдардың                             ұсыныстарынақалайжауап беругеболады?»

«Ойыналаңдарындағы мінез-құлық қағидалары»

«Қоғамдық орындардағы және көліктегі мінез-құлық қағидалары»


№ 1 ТАҚЫРЫП.«ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ»

 

Мақсаты:тәрбиеленушілерге жедел қызметтердің, байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін есте сақтаудыжәнеқажет кезде дұрыс қолдануды үйрету.

Міндеттері:

·        балаларды «Жедел қызметтер, сенім телефоны» ұғымымен және олардың негізгі телефон нөмірлеріментаныстыру;

·        қандайжағдайдажеделқызметтерге, байланыс орталығына хабарласукерекекенінтүсіндіру.

Материалдар мен ресурстар:

·        ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбында мысалдарды көрсетуге арналған суреттер мен бейнелер;

·        жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме материалдар;

·        рольдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары немесе ойыншық телефондар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

      Тәрбиеленушілерменамандасу.

Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, медициналық қызметкер мен олардың  адамдарғақалай көмектесетінітуралыәңгімелесу.

Есте сақта!»

Өрткүзеті

101

Полиция

102

Жеделжәрдем

103

«111 байланыс орталығы» балалар мен ересектер  көмекке жүгінуі үшін, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы туралы, балалардың құқықтарының бұзылуын хабарлау үшін ашылды.

 

«111» нөмірі – 24/7 байланыста

«111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

 

111

 

Рөлдік ойын:

Жұптық ойын. Біреуі қиын жағдайға тап болған баланың рөлін, екіншісі жедел қызмет операторының рөлін ойнайды.

Ойналатын жағдайлар: өрт, тонау, баланың, туыстың ауыр жағдайы.

Бала көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, ақпаратты операторға беруі керек.

Жедел қызметтердің және байланыс орталығының телефоннөмірлерінқайталау: (101,102,103, 111).

Жеделқызметтер мен байланыс орталығының телефоннөмірлерінойынтүріндеқайталау.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы: балалар үйде қайталау үшін жедел қызметтердің телефондары жазылған карточкаларды немесе жапсырмаларды тарату.

 

 

№ 2 ТАҚЫРЫП. «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАЛАЙ ҚОҢЫРАУ ШАЛУҒА БОЛАДЫ?»

 

Мақсаты:балаларға жедел қызметтерге  дұрыс қоңырау шалуды, жедел әрекет ету үшін қажетті ақпараттыберудіүйрету.

Міндеттері:

·        балалармен жедел қызмет, байланыс орталығы нөмірлерін қайталау;

·        төтенше жағдай кезінде телефон соғу нұсқауларының негізгі элементтерін көрсету;

·        әртүрлі төтенше жағдайларда телефон соғу сценарийін әзірлеуге және есте сақтауға үйрету;

·        жеделқызметтергетелефон соғужаттығуларынөткізу.

Материалдар мен ресурстар:

·        жедел қызметтерге қоңырау соғу мысалын көрсетуге арналған суреттер мен бейнелер;

·        жедел қызмет нөмірлері бойынша жадынамалары бар үлестірме материалдар;

·        рөлдік ойындарға арналған телефондар, телефон аппараттары немесе ойыншық телефондар.

Ұйымдастырылатын іс-әрекет:

Тәрбиеленушілерменамандасу.

Жедел қызметтерге телефон соғудың маңыздылығын түсіндіру.

          Қоңырау шалудың негізгі элементтерін көрсету:

·        сәлемдесужәнетаныстыру;

·        оқиға мекенжайыменорнынкөрсету;

·        жағдайды сипаттау (не болды, қандай қауіп бар, зардап шеккендер бар ма?);

·        оператор сұрақтарына жауап беру;

·        оператор нұсқауларынорындау;

·        қоңырауға дейін және одан кейінгі тәртіп ережелерін талқылау:оператор тұтқаны қойыңыз деп айтпайынша, телефонды қоймаңыз, оператордың нұсқауларын орындаңыз және мүмкіндігінше көмектесіңіз.

Бекітуге арналған тапсырмалар: әртүрлі жағдайларға арналған телефон соғу нұсқаларын жасаңыз. Мысалы:үйді өрт шалу,жарақатнемесеауру,ұрлықнемесешабуыл.


№ 3 ТАҚЫРЫП. «ТОПТАҒЫ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ»

 

Мақсаты: барлығына қауіпсіз   және жайлы атмосфераны құру үшін балаларға топтағы  мінез-құлықтың негізгі қағидаларынүйрету.

Міндеттері:

·       балаларды тәрбие-білім беру процесі кезіндегі мінез-құлықтың негізгі қағидаларымен таныстыру;

·       осы қағидаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;

·       сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы мінез-құлық қағидаларын бекіту.

Материалдар мен ресурстар:

·       мінез-құлық қағидаларының иллюстрациясы бар суреттер немесе карталар;

·       марапаттау үшін жапсырма немесе шағын сыйлықтар;

·       сюжетті-рөлдік ойындарға арналған ойыншықтар немесе заттар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілерменамандасу.

Топтағықағидаларнеүшінқажетекенінтүсіндіру.

Қағидаларды сақтау топты барлығына жағымды және қауіпсіз етуге қалай көмектесетіні туралы қысқаша талқылау.

Топтағы мінез-құлық қағидаларыментәрбиеленушілерді таныстыру:

1-қағида.Тәрбиешініжәнебасқабалалардытыңда.

Түсіндіру: «Біреу сөйлегенде, біз мұқият тыңдап, түсінуге тырысуымыз керек».

2-қағида.Барлықадамменсыпайысөйлес.

Түсіндіру: «Сөйлегенде сиқырлы сөздерді қолданамыз: «өтінемін, рақмет,кешіріңіз».

3-қағида.Ойыншықтармензаттарға ұқыпты бол.

Түсіндіру: «Ойыншықтар мен заттар жалпыға ортақ, сондықтан біз барлығынажеткілікті болуыүшін ұқыптықарауымыз керек».

4-қағида.Төбелеспежәнеешкімді итерме.

Түсіндіру: «Бір-бірімізге мейірімді болу және бір-бірімізді ренжітпеу - маңызды».

5-қағида.Бөлісжәнебіргеойна.

Түсіндіру:«Біргеойнау секілді,ойыншықтарменбөлісудеқызық та көңілді».

Иллюстрация мен мысалдар:қағидаларды сақтаған немесе сақтамағанбалалардың суреттерін немесе көріністерін көрсету. Қағиданы сақтамағанда қандайжағдайлар болуы мүмкін екенін талдау.

Рөлдік ойын: балалардыжұпқанемесекішітоптарғабөліңіз. Олардан қағидаларды сақтау көріністерін сомдауды сұраңыз (мысалы, бір-бірінтыңдау,сыпайысөйлеу,ойыншықтардыбөлісу).

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы.

 


№ 4 ТАҚЫРЫП. «ӨЗІҢ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ АҚПАРАТТЫ

ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ»

 

Мақсаты:  балаларға төтенше жағдайда ақпараттыбере алуы үшін үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерінестесақтаудыжәне дұрыс айтудыүйрету.

Міндеттері:

·        балаларға үй мекенжайы мен ата-анасының (заңды өкілінің) телефон нөмірлерін білудің  маңыздылығынтүсіндіру;

·        балаларға үй мекенжайы мен ата-анасының (заңды өкілінің) телефон нөмірлерін есте  сақтаудыжәнедұрыс айтуды үйрету;

·        ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балалардың білімдерінбекіту.

Материалдар мен ресурстар:

·   мекенжайы мен телефон нөмірлері бар карточкалар;  

·        ойынғаарналғанойыншық немесе қағаз«хаттар»;

·        марапаттауғаарналғаншағынсыйлықтарнемесежапсырмалар.

Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Тәрбиеленушілермен амандасу.

Үй мекенжайы мен ата-ананың телефон   нөмірлерінбілунеліктен маңызды екенінтүсіндіру.

Егер бала жоғалған немесе көмекке мұқтаж болған жағдайда, бұл ақпаратқалайкөмектесетінітуралы қысқаша әңгіме.

Рөлдік ойын:

Үйдіңмекенжайынестесақтауғаүйрету:

Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер).Мысалы: «Менің мекен-жайым: «Абайкөшесі,44-үй,125-пәтер».

Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Тәрбиеленушілердің өзінің үй мекенжайын есте сақтауы үшін  мекенжайларыбаркарталардыпайдалануға болады.

Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте сақтауды үйрету:

Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмірбарекенінтүсіндіреді.Мысалы:«Меніңанамныңтелефоннөмірі:87019805665»

Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерінқайталауды сұрайды.

Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауғакөмектесу үшінтәрбиешісандар берілгенкарточкалардыпайдаланады.

«Хат жолда» ойыны.

Балалар шеңбер бойымен отырады. Тәрбиеші балалардың біріне «хат» (ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді.

«Телефон» ойыны.

Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжайнемесетелефоннөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше тізбек бойынша сыбырлап  айтады,соңғы бала естігеніндауыстап айтуы керек.

 

Бекітуге арналған тапсырмалар: Бекіту үшін мекенжай мен телефоннөмірлері жазылған карточкаларды тарату.

                                   


№ 5 ТАҚЫРЫП. «АБАЙЛАҢЫЗ,ТЕРЕЗЕ!»

 

Мақсаты: терезеден құлау жазатайымоқиғаларын болдырмау үшін балаларға пәтердегіқауіпсіз мінез-құлық қағидаларынүйрету.

Міндеттері:

·        балаларға терезелер неге қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіру;

·        балаларғатерезеніңжанындаөзінұстауқағидаларынүйрету;

·        ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы балаларды дұрыс әдеттергебаулу.

Материалдар мен ресурстар:

терезелердің жанында дұрыс және дұрыс емес әрекеттерді көрсететінсуреттернемесекарточкалар;

сюжеттік-рөлдікойындарғаарналғанойыншықтарнемесезаттар.

Ұйымдастырылғаніс-әрекет:

Тәрбиеленушілерменамандасу.

Терезелердіңжанындасақболудыңмаңыздылығытуралыәңгімелеу.

Терезелерге қатыстықауіптер: педагог қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда терезелер қауіпті  болуымүмкін екенін түсіндіреді.

Мысалы, «Егер сіз ашық терезеге тым жақын болсаңыз, құлап кетуіңіз        мүмкін», «Тереземен ойнауға немесе терезе үстінде/алдында секіругеболмайды».

Терезе маңындағы мінез-құлық қағидаларыментанысу:

1-қағида: ешқашан ашық терезеге жақындамаңыз.

Түсіндіру: «Егер терезе ашық болса, одан аулақ болыңыз».

2-қағида:терезе үстінде/алдындаойнамаңыз.

Түсіндіру: «Терезенің алдында ойнауға болмайды, тайғақ болып, құлап кетуіңізмүмкін».

3-қағида: ересектердің рұқсатынсыз терезелерді ашпаңыз.

Түсіндіру: «Терезені ашпас бұрынересектерден рұқсат сұраңыз».

 4-қағида: егерсізашықтерезені көрсеңіз,ересектергехабарлаңыз.

Түсіндіру: «Егер сіз ашық терезені байқасаңыз, бұл туралы дереу   ересектергеайтыңыз».

          Тәрбиешіәртүрліәрекеттердіатайды(мысалы,«Ашықтерезегежақындау», «Терезеде ойнау», «Терезеден қарау»), балалар аталған әрекеттерді істеугеболатынын немесе болмайтынын айтуы керек. Болмайтын болса, «Болмайды!» деп себебін түсіндіреді.

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңрефлексиясы.

Терезежанындағынегізгі қауіпсіздік қағидаларынқайталау.