«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ қыркүйек айының бракераж акпары
2024 жылдың 11 қыркүйекте мектеп асханасын бракераж комиссия мүшелері: тәрбие ісінің орынбасары А.С.Алпысбаева, әлеуметтік педагог А.Ф.Берикказиева мектеп медбикесі М.К.Сатбекова, кәсіп одақ төрайымы Ж.М.Ершаева мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыруды, асхананың санитарлық жағдайы, ас мәзірінің болуы және ондағы азық түліктің сәйкес келуі, тамақтың түрлері, дәмін және азық түліктің сапасын тексерді.
Тексеру барысында заң бұзушылық анықталған жоқ. Барлық талаптарға сай ыдыстар жуылып, дезинфекция жүргізіледі. Әр тамақтанған сайын ыдыстардың барлық тазалық жұмысы жүргізіліп, үстелдерді ыстық су мен жуып отырады. Жуғыш құралдары тағамдардан бөлек сақталады. Асхана қызметкерлерінің сыртқы бейнесі, құжаттары талапқа сай.
Бракеражды комиссия тексерісінің нәтижесі : 1.Келетін азық-түлік өнімдерінің сапасын сақтау шарттары мен мерзімдері талапқа сәйкес,тағамдарды жасау технологиясы сақталған;
2.Тағам оқушылардың физиологиялық талабына сай;
3. Жасалған тағамдар тәтті балалардың көңілінен шығады.