«Әділетті Қазақстан- Адал азамат-Озық ойлы Ұлт» тақырыбында ата-аналар жиналысы
6 қыркүйек күні мектебімізде жалпы мектепішілік «Әділетті Қазақстан- Адал азамат-Озық ойлы Ұлт» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде: - 2024-25 оқу жылының басталуы туралы;
- Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру;
- Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының жобалары;
- Құқықтық тәрбие берудегі ата-ананың жауапкершілігі;
- Мектеп формасына қойылатын талаптар;
- «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының есебі;
Жиналысқа 5-11 сынып ата-аналары және мектеп испекторы, полиция капитаны – Н.А.Қоразбаев., ЕҚҚІҚБ-нің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Б.А.Қуанышбеков, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер қатысты.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер кеңінен қамтылып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ата-аналар өз сауалдарына нақты жауаптар ала алды.