«Тілім менің ғасырларға аманат» атты ашылу салтанаты
10-09-2024 17:23
Мектебімізде 5- қыркүйек Қазақстан халқы тілдері  күніне арналған облыстық онкүндігіне орай «Тілім менің ғасырларға аманат» атты  ашылу салтанаты өтті.
       Мақсаты: Ана тілге деген құрмет мен сүйіспеншілік, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білу.
Аталмыш ашылу салтанатына мектеп оқушылары  ана тілінде, ағылшын,орыс тілінде өлеңдер оқып, мақал-мәтелдерді жатқа айтып,  Абай, Алихан, Бауыржан бабаларымыздың образына еніп, тіл жайлы айтқан  ойларын, тебірене оқып, 10-сынып оқушысының орындауында «Адай» күйі әуелете ойналды. Және де, осы онкүндік аясында мектебімізде түрлі іс-шаралар өтетіні туралы хабардар етіліп, мектеп оқушылары мен ұстаздарына белсене қатысуға  шақырылды.