Қыздар жиналысы
10-09-2024 17:17

Қыркүйектің 6 күні мектебімізде «Қызға қырық үйден тиым» тақырыбында  қыздар жиналысы болып өтті.  Жиналысқа мектеп директоры Ж.К.Жетписбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Алпысбаева, Д.А.Махмутова, мектеп медбикесі М.Қ. Сатбекова  қатысты. Жиналыста мектептің ішкі ережелері мен мектеп формасы және жеке гигиена туралы ақпараттар  беріліп, нашақорлық алдын алу, террористік әрекет кезінде сақтану жолдары туралы бойынша  видеолар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.