Жалпы білім беретін Бауыржан Момышұлы атындағы 8 мектебінде 1 қыркүйек-Білім күнін “Мектебім-мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өтті.
04-09-2024 13:06

Жалпы білім беретін Бауыржан Момышұлы атындағы 8 мектебінде 1 қыркүйек-Білім күнін “Мектебім-мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Балқаш қаласы Ішкі істер бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция майоры Артықбаев Ерғазы Мухамедгалиевич, Балқаш қаласы  қамқоршылық кеңесінің және ата-аналар комитетінің төрайымдары қатысты. Мерекелік жиында мектеп директоры Ж.Құрметовна бүлдіршіндерді құттықтау сөзімен бастап, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталды. Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндер өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті. Алғаш мектеп ұясына енгелі отырған бүлдіршіндерімізге қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарың оң болсын! Мемлекетіміздің келешегі-өздеріңіз! Бүгінгі жастар-еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы деген үмтіпен алтын ұя мектебіміздің табалдырығын аттады.