Мемлекеттік қызмет көрсету туралы басшының есеп беруі
01-09-2018 12:27

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес ЖББ№8 орта мектебінде мемлекеттің қызметтің  3 түрі көрсетіледі. Деректер бойынша, 2017 жылы мектепте барлығы 156 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

ЖББ№8 орта мектебінде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» бойынша 152 мемлекеттік қызмет, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» бойынша  4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жеке тұлғаларға тегін ұсынылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге толық құжаттар пакеті алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінде арыз-шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін  түсіндіру туралы өтініштер түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілмеген құжаттарды талап ету фактісі анықталмады.