Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы, асханадағы санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша ақпар
04-04-2024 13:38

Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы, асханадағы санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша ақпар

1-4 бастауыш сыныптарында 325 оқушы, 5-11 сыныптардан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда  34 бала өтінішпен  бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылады. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны 520 теңгені құрайды. Күн сайын тамақтану залында ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі.  Осы ас мәзіріне сәйкес  1 - 4 бастауыш сынып оқушылары мен 5-11 сыныптардан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларкесте бойынша уақытылы барып тамақтанады. Әлеуметтік ұстаз, мектеп медбикесі күнделікті астың ас мәзіріне сәйкестігін, ас мөлшерінің талапқа сай болуын қадағалап отырады.

2024 жылдың ақпан айының 26 күні «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ – нің асханадағы санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуыбойынша жоспарлы бақылау жүргізілді. 

Бақылау барысында:

  • Келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы;
  • Отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ-KZ  сертификаттардың болу;
  • Дайындалған тағамдардың сапасы;
  • Технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы;
  • Азық түліктердің, дайын тағамдардың сақталуы және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы;
  • Ас мәзірінің сәйкестігі.
  • Санитарлық жағдайы таксерілді.

Бақылау барысында  асхана  қызметкерлерінің санитарлық  талапқа  сай  жұмыс  атқарып  отырғандығы  және азық-түлікті пайдалану мерзімінің, ас мәзірінің мәзірге сәйкестігі талапқа сай екендігі анықталды.

 

Қорытынды:

  1. 1 - 4 бастауыш сынып оқушылары мен 5-11 сыныптардан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушылардың ыстық тамақпен тамақтануын ұйымдастырылуы талапқа сай;
  2.   Асханадағы санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуы талапқа сай;
  3.   Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмысты қанағаттанарлық деп саналады.