«Математикалық сауаттылық әлемі»
02-03-2024 09:34

16.02.24 жылы мектебімізде мектепалды даярлық топтарының математикалық сауаттылық апталығының 5-күні «Математикалық сауаттылық әлемі» тақырыбына арналды.
Мектепалды даярлық топтарының сынып жетекшілері апта бойы өткізілген іс-шараларды қортындылау мақсатында оқушылармен қызықты ойындар ұйымдастырды.
П.Алғадаева ұйымдастырған «Математика саласы» атты топтық ойында оқушылар топқа бөлініп өздеріне берілген логикалық есептерді шығарды. Денешынықтыру сабағында «Қозғалыстағы математика» ойынын ойнап, балалар арасында әр-түрлі жарыстар өткізілді.
А.Жамбосынова оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін анықтау мақсатында «Баланың өміріндегі конструктор» ойынын ұйымдастырып,
оқушылар конструкторлар арқылы әр түрлі заттардың бейнесін құрастыра отырып, логикалық ойлау қаблеттері дамыды. Апталықтың жұмысы барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, логикалық есептерді қызығушылықпен шығара бастады. Осы апталық аясында өткен іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларды ерекше атап өтіп, балаларды тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.