Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19-02-2024 12:59
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Балқаш қаласы, Бөкейханов көшесі-17, Электронды  пошта: shkolashkola8@mail.ru
Анықтама үшін телефон: 8(71036)4-05-65.
             ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына»сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін 2024 жылдың 20.02-28.02 аралығында конкурс жариялайды
 
 
- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  - 1 жүктеме, тұрақты
3. Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты.
 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері:
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
     тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
           психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;
мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
     
  Білуге тиіс:
     Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
     педагогика және психология негіздері;
     мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
   педагогикалық этиканың нормалары;
   экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
     еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
 Құжаттарды қабылдау уақыты: Конкурс жарияланған күннен бастап 7-күн.
 Қажетті құжаттар тізімі:
Байқауға қатысу туралы өтініш;
Жеке басты құжаттың көшірмесі;
Қадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады(нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен басйланыс телефондары көрсетілген болса);
Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, мастер-педагог біліктілік санатының сертификатының көшірмесі (бар болса);
Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі) құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);
Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы және 5*6-2 дана, 3*4- дана фото;
Денсаулық жағдайы туралы анықтама (EGOV сайтынан алу);
Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы;
Наркологиялық ұйымының анықтамасы;
Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама;