«Функционалды сауаттылық – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы»
16.01 күні «Функционалды сауаттылық – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы» апталығында 4-сыныптардың арасында Ы.Алтынсарин «Жаман жолдас» әңгімесі тақырыбында «бестік диктант» жазылды. Мақсаты: білім алушылардың ауызекі сөйлеуі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып, дұрыс сауатты жаза білуге үйрету. Оқушылар диктант жазудың жаңа тәсілін меңгеріп, бестік диктанттың бес модельі бойынша берілген тапсырмаларды сауатты түрде орындай білді. Жақсы жазған оқушылар марапатталды. Олар: Болат Айлин, Саят Әлинұр, Бақытбек Ерсұлтан, Махметова Ажар.