«Инновация арқылы сапалы білімге»
04-01-2024 22:30
03.01.2024жылы «Балқаш қаласының білім бөлімі»  ММ ұйымдастыруымен  «Инновация арқылы сапалы білімге» тақырыбында өткізілген қалалық семинар барысында мектебімізден бастауыш сынып мұғалімі, педагог- сарапшы Ж.Ә.Кенжебай  тәжірибесімен  бөлісті.
Бастауыш сынып ұстаздарының басын қосқан семинарға «Математика сабағында логикалық тапсырмаларды тиімді қолдану»  деген тақырыпта қатысушылармен шеберлік сынып өткізіп,  өзара тәжірибе алмасып, пікір алысты.