«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ
8-11 сыныптар арасында өткен
«ЖҚТБ-ғасыр дерті» шараның ақпары
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 2023 жылдың 6 желтоқсанда 8-11 сынып ұлдары арасында «ЖҚТБ-ғасыр дерті» туралы әңгімелесу өтті. Мақсаты: оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру. Бұл шараға №1 поликлиника қызметкері, эпидемиология дәрігері Батырбек Айгүл Абдоллаевна, мектептің әлеуметтік ұстазы А.Ф.Берикказиева қатысты.
Әңгіме барысында эпидемиология дәрігер Батырбек Айгүл Абдоллаевнаоқушыларға синтетикалық ЖҚТБ - ның зардаптарын айта кетті. Оқушыларға сұрақ қойып, әңгіме жүргізді.