8-11 сыныптар арасында өткен құқық бұзушылықтың алдын алу шарасының ақпары
27-11-2023 21:09

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мекте» КММ

8-11 сыныптар арасында өткен құқық бұзушылықтың алдын алу

шарасының ақпары

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 2023 жылдың 27 қарашада  8-11 сынып оқушылар арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары, интернет алаяқтылық, жол қауіпсіздігі туралы әңгімелесу өтті. Бұл шараға мектеп директоры А.Т.Абдуалиева, Балқаш қаласының ішкі істер мекемесінің басшысы Н.А.Джортбасов,мектептің әлеуметтік ұстазы А.Ф.Берикказиева қатысты. Шараның негізгі мақсаты: келешек жас ұрпаққаесірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптарын және қазір кезде көптеп  кездесетін интернет  алаяқтылық, жолда жүру кезіндегі қауіпсіздікті ескерту.

Әңгіме барысында  Балқаш қаласының ішкі істер мекемесінің басшысы Н.А.Джортбасов оқушыларға синтетикалық есірткінің, есірткі сатумен айланысатын адамдардың арбауына түспеу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ қазіргі таңда көптеп кездесетін интернет  алаяқтылық туралы ескертіп, алдын алу шараларымен таныстырды. Оқушыларға сұрақ қойып, әңгіме жүргізді.