«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ
8-11 сыныптар арасында өткен «Есірткі және жасөспірім»
шараның ақпары
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 2023 жылдың 26 қазанында 8-11 сынып оқушылар арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары туралы әңгімелесу өтті. Бұл шараға мектеп директоры А.Т.Абдуалиева, Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры А.Қ.Қуанышбек, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Алпысбаева, мектептің әлеуметтік ұстазы А.Ф.Берикказиева қатысты. Шараның негізгі мақсаты келешек жас ұрпаққаесірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары ескерту.
Әңгіме барысында Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры А.Қ.Қуанышбек оқушыларға синтетикалық есірткінің, есірткі сатумен айланысатын адамдардың арбауына түспеу жолдары қарастырылды. Есірткі қабылдаған 10 адамның тек біреуі, өте ұзақ емделу арқылы ғана сауығатыны айтылды, оңай ақша табамын деп есірткі сатушылардың жалған уәдесіне сенудің қажеті жоқ екені ескертілді.