«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 8-11 сыныптар арасында өткен құқық бұзушылықтың және діни ағымды алдын алу шаралар ақпары
27-10-2023 16:29

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ

8-11 сыныптар арасында өткен құқық бұзушылықтың

және  діни ағымды алдын алу шаралар ақпары

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ 2023 жылдың 24 қазанында 8-11 сынып оқушылар арасында құқық бұзушылықтың және  діни ағымды алдын алу шаралары туралы әңгімелесу өтті. Бұл шараға әкімшілік полицияның басшысы Е.М.Жумангалиев, дін істері орталығының “Теолог” маманы Қ.С.Тұрлыбек, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Алпысбаева, мектептің әлеуметтік ұстазы А.Ф. Берикказиева қатысты. Алдын алу шараларда оқушыларды өз құқықтары мен еркіндіктері туралы, адамгешілікке, елжандылыққа, құқықтық және діни сауаттылыққа тәрбиелеу негізделді.

Әкімшілік полицияның басшысы Е.М.Жумангалиевоқушыларға  құқықтық тәрбие туралы айтып, әлеуметтік желідегі алаяқтық нашақорлық тақырыбында түсіндіріп өтті. Түсіндіру барысында олардың  ҚР заң кодексінің баптарымен де таныстырып, қолданылатын шаралар мен айып пұлдарды айтып өтті.

Дін істері орталығының “Теолог” маманы Қ.С.Тұрлыбек қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу барысында сұрақтар қойылып кері байланыс жүргізілді. Оқушылар  өздерінің  ойларындағы  сұрақтарын қойып жауап алды.