«Әсемдік әлемі»
2023 жылдың 16-қазаны күні білім алушылардың көркем еңбекке, музыка әлеміне деген қызығушылығын арттыра отырып, қолөнер арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында «Әсемдік әлемі» эстетикалық сауаттылық апталығының ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына оқушылар, ұстаздар қатысты. 1-сынып оқушылары қолөнерлерінен дефиле көрсетіп, 4-сынып оқушылары мамандық таңдау жолы мектептен басталатынын айтты. Өнер, білімі бар жұрттар өркениет жолына түсіп, дамыған елдің қатарында болады.Сондықтан, оқушылардың білімді, еңбекқор болғаны маңызды екендігін 9-сынып оқушылары агитбригадада насихаттады.