2023 жылдың 12-қазаны күні өткізілген «Жыл мұғалімі-2023» байқауының қалалық кезеңіне мектебімізден ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.О.Балықбаева қатысты. Бұл, тек байқау қана емес, тәжірибе алмасу деп атаса да болады. Мұғалім сабағын жаңа технологиялармен, жаңашылдықпен жүргізе алды. Сабақ барысында оқушылардың ой-өрісі мен сөздік қорлары кеңейту, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары: негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, берілген тақырып бойынша ауызша мәлімдеме құрастыруға тапсырмалар қарастырылған. Сабақта жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындалды. Балалардың сабақта тапсырма орындауға деген қызығушылықтары артты. Сонымен бірге сөйлеу дағдысы шыңдалды. Электронды ресурстарды пайдалану сабақта оқушылардың жұмысының тиімділігін көрсетті. Сабақты қорытындылауда оқушының өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалауы қолданылды. Мұғалімнің сабақтағы жігері оқушылардың ынтасын арттыруға септігін тигізді.